Елімізде 600 адам ата-ана құқығынан айырылды

Былтыр елде бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 6 мыңнан астам адам профилактикалық есепке алынған.

Арнайы комиссия оларға қатысты 1800 істі қарады. Соттың шешімімен 600 адам ата-ана құқығынан айырылды. Тағы 340 адамның құқығы шектелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі брифингте айтты.

Ведомство өткен жылдың соңында мемлекеттік органдармен бірлесіп, жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу және көмек көрсету әдістемесін жасапты. Соның аясында олардың қауіпсіздігін қамту шаралары күшейтіліп жатыр.

Әсет Оспанов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы:

- Жасөспірімдер арасында бопсалауға қатысты 40 дерек анықталды. Әр өңірде зорлық-зомбылықпен күресу және алдын алу үшін әкімдіктер жанынан ведомствоаралық мобилді топтар жұмыс істейді. Соңғы 10 жыл ішінде кәмелет жасқа толмағандарға қатысты құқықбұзушылық деректері 3 есе азайды. Олардың қауіпсіздігі одан әрі басты назарда болады.