Елордада қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. LIVE

Елдің біраз аумағын ақ боран әуреге салды. 

Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында әлі де бұрқасын соғып тұр. Астананың өз басында 3-4 күн толассыз жауған қар қозғалысты қиындатты.

Қолайсыз күн райы әсіресе коммуналдық кызметке де оңай тиіп жатқан жоқ. Күн-түн демей арпалысып жатыр.

- Коммуналдық қызметкерлер көшелерді тазартып үлгеріп жатыр ма? Техника жеткілікті ме?

Еркебұлан Смадияров, тілші:

- Елордада қыстың қаһары қатты. Бірақ соған қарамастан коммуналдық мекеме жұмысшылары қар аршу жұмыстарын дамылсыз жүргізіп жатыр. Мәселен, "Астана тазалық" кәсіпорынынан бір ауысымның өзіне 400 адам мен 440 техника жұмылдырылған. Мекеме мамандарының айтуынша, биыл қардың түсімі жылдағыдан әлдеқайда көп. Менің жанымда кәсіпорынның бригадирі Нұрлан Нарынов тұр. Еңбек күші жетіп жатыр ма? Бірінші кезекте қай аумақтар тазартылады? 

Нұрлан Нарынов, "Астана тазалық" ЖШС бригадирі:

- Қараша айынан бері қаладан қанша текше метр қар шығарылды? Қанша полигон бар және олар толып кеткен жоқ па?

Нұрлан Нарынов, "Астана тазалық" ЖШС бригадирі:

- Қар аршу жұмыстары тәулік бойы жүреді. Бұл тұста мамандар тұрғындардан автокөліктерді жол жиегіне қалдырып кетпеуді сұрайды. Өйткені ауыр техникалардың жұмысына кедергі келтіреді.