Атырауда 1100-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған

Атырауда 5 күн ішінде жол ережесін бұзған 1100-ден аса жүргізуші анықталды.

«Кибер-шериф» құрылғысының арқасында қазір заңбұзушылықтар дереу тіркеліп, айыппұл салынып жатыр. Бір мезетте 50 заңбұзушылықты анықтайтын құрылғы өз нәтижесін беріп отыр. Соңғы кезде өңірде жол апаты да жиілеген. 4 ақпан күні республикалық тас жолда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, 2 адам қаза тапты. Осыған орай облыс аумағында 5-29 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Акция басталған бірінші күннің өзінде тәртіп сақшылары 500-ден аса заңбұзушылық анықтаған.

Әділбек Шахметов, облыстық ПД патрульдік полиция ротасының командирі:

- Іс-шара аясында полиция департаменті қызметкерлері жұмылдырылып, қала, аудан, республикалық тас жолдарда рейдтік жұмыстарын жүргізетін болады. Іс-шара басталғалы 250-ге жуық жылдамдық режимін сақтамаған жзүргізушілер және алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде автокөлікті басқарған екі дерек анықталды.