Өндірістегі қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Өндірісті өркендеткеніміз жөн. Бірақ осы салада жазатайым жайттар болып жатқанын да естен шығармайық.

Былтыр елде 1 мың 474 адам өндірісте зардап шеккен. Оның 251-і қайтыс болған. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,6%-ке жоғары. Қауіпті жайттардың көбі орман өрті кезінде, сосын өнеркәсіпте болған. Осы ретте еңбек қауіпсіздігіне байланысты тәртіптік нормалар енгізілген. Күнделікті өмірде халыққа қызмет етіп жүрген қызметшілер мен өндірістегі жұмысшылар еңбек қауіпсіздігі барынша қорғалуы керек, - дейді мамандар.

Бибарыс Тәңірбергенұлы, ҚР ЕӘХҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің бас сарапшысы:

- Биылғы 2024 жылдан бастап қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы бекітілді. Қазір республика бойынша жүзеге асырылу басталды. Жалпы бұл тұжырымдама аясында жалпы бүкіл республикадағы кәсіпорындағы мамандықтарды, қандай өндірістік факторлар бар, соларды азайту мақсатында тиісті шаралар қарастырылған.

Айта кетерлік бір мәселе, Алматыда қоғамдық көліктің, ал Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан оқиғалардан кейін Мәжіліс салалық заңға өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр.

Ерболат Саурықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қарапайым халықты күнделікті мынау өзінің күн көрісімен қызмет етіп жатқан, болмаса келісімшарттың аясында, болмаса келісімшартсыз жалданып жұмыс істеп жатқан азаматтарымызды осы еңбек құқығын қалай оларды қорғаймыз деген мәселе бойынша қазіргі уақытта бірнеше ойларымыз бар, пікіріміз бар, соларды осы салалық заңдарға өзгертуді жоспарлап отырмыз.