Алматыда газ беру тоқтатылды

Алматыдағы 130 көпқабатты және жеке сектордағы 18 үйге тамақ дайындау үшін пайдаланылатын газ беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды 24KZ.

Себебі жер астындағы газ құбырынан ақау пайда болып, көгілдір отын сыртқа шыққан. Бұл үйлер Құрманғазы - Панфилов - Қайырбеков және Төле би көшелерінің ортасында орналасқан. Газ Мұзтау шағынауданында да өшірілді. Абырой болғанда, жауапты компания саңылауды тез анықтап, жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Көпқабатты үйлер көгілдір отынға түс қайта қосылады. Ал жеке үйлерге газ кешке дейін беріледі.

Ақылбай Сапаров, газбен қамтушы компанияның филиал басшысы:

- Газ диаметрі 300 миллиметр болатын компенсатордан шыққан. Құбырдағы саңылау 23 қаңтардағы жер сілкінісінен пайда болған. Ақау жылжымалы зертхана көмегімен анықталды. Газ құбырларын тексеру жұмыстары қалада екі аптадан бері жүргізіліп келеді.