Степногорскті жылумен қамту қалыпқа келтіріліп жатыр

Степногорск жылу электр орталығындағы жағдайға қатысты тексеріс жүргізіледі.

Бұл іспен Энергетика министрлігінің Ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті айналысады. Ведомство мәліметінше, «KEGOC» Акционерлік Қоғамына тиесілі электр желісінің үзілуіне байланысты Степногорск Жылу электр орталығы жылу энергиясын өндіруді азайтқан. Өзге технологиялық бұзушылықтар анықталған жоқ. Қазір электр қуатын беру қалпына келтіріліп, жылу температурасын көтеру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін Степногрск қаласында жылу мен жарық өшіп қалғаны хабарланған болатын.