Жол қозғалысы жанданды

«Самара-Шымкент» республикалық күрежолдың Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстары бағытындағы көлік қатынасы қайта жанданды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, бес тәуліктен бері мұндағы қозғалыс шектелген болатын. Салдарынан 550 жеңіл көлік пен 3 мыңға жуық жүк көлігі межелі жеріне жете алмай, орта жолда қалып қойған еді. Мұның арты «Ақтөбе-Хромтау», «Хромтау-Қарабұтақ» учаскелерінде 30 шақырымдық кептеліске әкеп соқты. Коммуналдық қызмет мамандары жолды аршыған соң, көліктің барлық түріне жол ашылды.

Айта кетейік, республикалық күрежол арқылы күн сайын 10-15 мың автокөлік өтеді.