Өңірлерде жолды қардан тазаламағандар жұмыстан шығарылды

Жолды қардан тазаламаған қызметкерлер жұмыстан шығарылды.

Бұл туралы бас көлік прокуратурасы мәлімдеді. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда тазалықты сақтауға міндетті мекемелердің техникасы мен көктайғаққа қарсы материалдары тапшы болған. Соның кесірінен жол қозғалысы қиындап, жолаушыларға қауіп төнді. Түркістан облысында да республикалық жолды күтіп ұстайтын техника жеткіліксіз. Салдарынан былтыр тазалық жұмыстары кешігіп, 50-ге жуық көлік Шымкент - Тараз бағытында тұрып қалды. Бұған тікелей жауапты 11 қызметкер жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ «Қажсервис» мекемесінің Солтүстік Қазақстандағы филиал директорымен еңбек шарты бұзылды. Тағы бір мердігерге 1,6 млн теңгеге айыппұл салынды. Енді 245 жол техникасы сатып алынып, өңірлерге таратылады.

Сондай-ақ...