Атырау облысында көктемгі егіске дайындық пысықталды

Биыл Атырау облысында 10 мың 300 гектар жерге дән себіледі.

Өңірдегі 332 шаруашылық көктемгі дала жұмыстарына дайындықты пысықтау үстінде. Бүгін диқандар бас қосып, саладағы мәселелерді талқылады. Сондай-ақ тұқым таңдау, өнім алудағы жаңашылдық және зиянкестермен күресу әдістері бойынша семинарға қатысты. Ресейден келген мамандар тыңайтқыштарды қолданудағы тәжірибелерімен де бөлісті. Қазір өңірдегі шаруаларды тағы бір толғандыратыны – жанар-жағармай мәселесі. Жеңілдетілген бағамен берілетін дизель отынының аздығы шаруаларды әбігерге салып отыр. Дегенмен жергілікті билік мәселені шешеміз, деп уәде берген.

Қоныс Ерманов, жеке кәсіпкер:

- Мен 150 гектарға егін егем. 150 гектар егінге 4 жарым тонна дизель отынын қарастырып отыр маған. Ал мен 160 тоннадай  дизель отынын жұмсаймын. Қазір мен біліп тұрған жоқпын. Шешеміз деп айтып жатыр, шешілетін шығар деп ойлаймын. Шешілмесе 4 жарым тонна дизель отыны әрі кеткенде 6 күнге жететін отын. Әрі қарай қалай егін салуға болады?