Сұйытылған газ бағасын реттеу жолдары

Сұйытылған газ өндіруші компаниялар шығынға ұшырап отыр.

«Жанармайдың бұл түрінің өзіндік құны сату бағасынан әлдеқайда төмен», - дейді мамандар. Бұлай жалғаса берсе, саладағы өндіріс орындары тұралап қалуы мүмкін.

Қызылорда облысындағы Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсай кен орындарынан шығатын ілеспе газ арнайы зауытта өңделеді. Мұнда жылына 60 мың тоннаға жуық сұйытылған газ дайындалады. 

Махамбет Елеусінов, мұнай-газ өндіруші компанияның бас директорының орынбасары:

- Орташа тереңдік біздің ұңғыларымыздың 1800-1700 метрдей. Мұнай таусылып жатқасын газ да түсіп бара жатыр. Ремонттаймыз, құрылғыларын тексереміз. +Подготовка газа деп айтамыз ғой, оның шығындары өте көп.

Энергетика министрлігі еліміздегі сұйытылған газ өндіретін барлық 9 зауытқа мониторинг жүргізді. Жер қойнауын пайдаланушылар жанармайдың бұл түрінің бағасын өндіріс құнын өтей алатындай шекпен белгілеуді ұсынған. Себебі жыл өткен сайын инфрақұрылымды жаңарту, зауыттарды жөндеу, өндірісті кеңейту сияқты мәселелер қордаланып барады.

Бақытжан Таубаев, ҚР Энергетика министрлігі Газ өнеркәсібі департаментінің директоры:

- Министрлік биылдан бастап бұны бекіту бағасын, көтерме бағасын, розница бағасын бізге алдық, тез арада көтеріліп кетпеу үшін, елге күш түсірмеу үшін. Соны қазір зерттейміз толық, қалай болатынын. Үкіметпен келісіп, сосын шешім қабылдаймыз. Бірден баға өспейді, кезең-кезеңмен, ақырын өсуіне жұмыс жасалады.

Баға реттелсе, салада жаңа өндірістер ашуға мүмкіндік туады. Осы ретте Қашағаннан жылына екі жарым миллиард текше метр, ал Қарашығанақ кен орнынан 4 млрд текше метр газ өндіретін зауыттарды іске қосу жоспарланған, дейді мамандар.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбет Байділдаев