Елордада бір түнде 44 мың текше метр қар шығарылды

Ел ордасы Астанада кешелі бері толассыз қар жауып тұр.

Бір түнде 44 мың текше метр қар шығарылған. Бұл жұмысқа 2,5 мыңға жуық жұмысшы тартылған. 1,5 мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылды. Жергілікті билік таратқан ақпаратқа сүйенсек, қыс басталғалы Астана сыртындағы полигондарға 331 мың рейспен 4,5 млн текше метрден астам қар шығарылыпты. Қазір көшені мұз басып жатыр. Қауіпсіздік үшін құм-тұз қоспасы себіліп жатыр. «Қазгидромет» бас қалада қолайсыз күн райы сақталатынын ескертті.