Рудныйда сапасыз интернет үшін айыппұл салынды

Рудный қаласында прокуратура мен өңіраралық байланыс инспекциясы бірлесіп, интернет сапасын тексерді.

Нәтижесінде көшелерде 3G/4G байланыс технологияларының дұрыс жұмыс істемейтіндігі анықталды. Интернетке қосылу және ақпарат жүктеу жылдамдығы төмен. Осы анықталған жайттар бойынша байланыс операторларына 10 миллион тенге айыппұл салынды және интернет сапасын талапқа сай келтіру жөнінде нұсқама берілді. Соның арқасында Рудныйда қосымша антенна мен құрылғылар орнатылып, 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқығы қорғалды.