Кітап – ең құнды сыйлық

Бүгінгі халықаралық «кітап сыйлау» күні әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен танылып, кейін дүниежүзілік деңгейге жеткен.

Бұл игі шараға Ақтөбе облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы да бірнеше жыл қатарынан қатысып келеді. Бүгін тұрақты оқырмандар жүзден астам кітапты сыйға тартты. Рухани үрдістің мақсаты – электрондық технологиялар үстемдік алып, цифрлық әлемнің басымдығы айқын болған заманда кітаптың орны да ерекше екендігін көпшілікке паш ету. Кітапхана қорын тұрақты түрде толықтырып жүргендердің қатарында студенттер мен этно-мәдени бірлестік өкілдері және жергілікті ақын-жазушылар бар. Қазір мұнда 330 мыңнан астам кітап сақтаулы. 

Бижан Қалмағанбетов, облыстық мәслихат депутаты:

- Менің замандастарым бір бірінің туған күніне, я болмаса басқа да айтулы мерекелерде бір бірімізге кітап сыйлайтын едік. Сондықтан мен өзім ойлаймын ол бізде жаңалық емес. жалпы қазіргі заманда осы жастар бір біріне кітап сыйласа екен деймін. Бұл ең бағалы сыйлық деп есептеймін. Кітапханаға сыйлығым - Табылды Досымовтың «Із тастап аққан бір жұлдыз» кітабын сыйға тартып отырмын.