Шымкентте АЭС салу мәселесі талқыланды

Шымкентте атом электр станциясын салу мәселесі талқыланды.

Қоғам белсенділері, экологтар мен энергетиктер жобаның пайдасы мен зияны туралы сөз қозғады. Дегенмен тараптар тұрғындардың өз пікірін білдіруге құқылы екенін алға тартып, референдум өткізу керектігін айтты. Былтыр Мемлекет басшысы да бұл мәселені жалпыұлттық референдум арқылы шешуді ұсынған. Президент халыққа Жолдауында атом энергетикасын дамыту үшін еліміздің айтарлықтай әлеуеті бар екенін айтып,мәселені жан-жақты талқылауды тапсырды.

Вадим Ни, әлеуметтік-экологиялық қордың директоры:

- Менің ойымша атом электр станциясын салу саяси тұрғыдан оңайға соқпайды. Сондықтан Мемлекет басшысы бұл мәселені шешуге ел азаматтары түгел қатысуы керек деді. Экологтар үшін қоршаған ортаға келетін зиянын зерделеп, талқылайтын тұстары көп. Қоғамдық тыңдаулар да өткізу қажет.