Әуесқой аңшыларға киік атуға рұқсат етілуі мүмкін

Әуесқой аңшыларға киік атуға рұқсат берілуі мүмкін.

Қазір Экология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті құжатты әзірлеп жатыр. Яғни министрлік мүдделі мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен бірге мәселені талқылап, әуесқой аңшылық саласындағы 5 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізбек. Киік аулауға аңшылық шаруашылық аумағында рұқсат беріледі. Лимит мөлшері әр шаруашылықтағы жануар санына сәйкес анықталады. Бұған дейін киік санын реттеу іс-шаралары екі мәрте жүргізілді. Былтыр елдегі бөкен саны 2 млнға жуықтады. Алайда шаруалар ауыл шаруашылығына зиян келіп отырғанын айтып, дабыл қаққан еді. Осылайша өткен жылы 30 мың киік ауланды. Ал биылғы жұмыстар 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында жүргізілді. Бір ай ішінде 13 мыңнан астам жануар қарауылға іліккен. Министрлік өкілінің айтуынша, былтыр 630 тонна киік етінің бір келісі 315 теңгеден ет комбинаттарына тапсырылса, биыл келісі 500 теңгеден қабылдануда. Бұл бағытта 12 кәсіпорынмен келісім жасалған. Ал киіктің мүйізі әзірге «Охотзоопром» мекемесінің қоймасында сақтаулы тұр. Қазір онда 42 400 мүйіз бар. 

Ерік Жұманов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы:

- Бір аңшылық шаруашылығы өз аумағында, мәселен бірнеше бас бар екенін есепке тіркейді. Сөйте отырып лимит тек қана 10 пайызы, қанша беріледі, соны ғана аулайды. Соны тек қана, яғни бұл жерде Орман шаруашылығы комитеті лимитті бақылап отырады. Жаңағы аңшылық шаруашылық субъектісі берілген лимитін қадағалап отырады.