2023 жылы Қазақстандағы барлық жәрдемақы көлемі 8,5% өсті

Қазақстан әлеуметтік саланы қолдауға әрі дамытуға басымдық береді.

Көмек көлемі жыл сайын артып, мемлекеттің көмегін көргендердің саны ұлғайып жатыр. Былтыр елдегі барлық жәрдемақы көлемі 8,5%-ке өсті. Ал 1 шілдеден бастап мүгедектегі бар және асыраушысынан айырылған азаматтар үшін тағы 24,5% қосылды.

Жалпы 2 млн адамға жәрдемақы беріліп, бұған 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді. Ал атаулы әлеуметтік көмекті 600 мыңға жуық азамат алды. Бұған 65 млрд теңге жұмсалды.