Қарағанды облысында 580 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Биыл Қарағанды облысында «Жер аманаты» бағдарламасымен 130 мың гектар жер мемлекет қорына қайтарылады, деп хабарлайды 24KZ.

Былтыр игерілмей жатқан 580 мың гектар жер анықталған еді. Оның басым бөлігі – жайылым. Сондай-ақ жер емген шаруаларға жаңадан 18 мың гектар алқап берілген. Мысалы, Шет ауданында 6 мың гектар жер үлестірілді. Соңғы жылдары ауданда жеңілдетілген несие алып, мал шаруашылығымен айналысатындар көбейді. Алайда олар жайылымнан таршылық көріп отыр. Сондықтан жергілікті билік кезінде заңсыз берілген алқаптарды қайтару жұмысымен айналысып жатыр. 

Батырхан Кәдірбек, Нұраталды ауылының тұрғыны:

- 6% кредит алып, мал шаруашылығымен айлысып келе жатырмыз. Мал шаруашылығына жайылым былай да аз біздің ауылда. Жоқ деп те айтуға болады. Біз сияқты шаруа қожалықтарына 100, 200 гектар жер табылмай отыр, мысалға айтқан кезде.

Мақсат Жумкин, Шет ауданы әкімінің орынбасары:

- Фермерлер кезінде жерді алып кеткен. Алмағанарды біз жерді басқару департаменті арқылы қайтарып жатырмыз. Бүгінгі таңда 262 учаске Жер басқару департаментінде қайтарылу үстінде жатыр. Аудан бойынша. Осындай жұмыстардың ішінде Нұраталдының азаматтары да бар кезінде алып кеткен, көшіп кеткен, қайтармай отырған. Қайтарып жатқандар да бар, түсініп, оны біз департамент арқылы қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр.