Маңғыстау облысында 237 адам банкрот деп танылды

Олардың қаржы ұйымдарына 350 миллион теңгеге жуық берешегі бар.

Соңғы 10 айдан бері аймақта үш мыңнан аса тұрғын өзін банкрот деп тану үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгінді. Несие тарихы қаралып, 2 жарым мыңдай өтініш кері қайтарылды. Жалпы банкрот деп танылған адамға 5 жыл бойы несие берілмейді. Олардың үстінен қаржылық мониторинг жүргізіледі.