Қайтарымы мол қайырымдылық

17-ші ақпан бүкіләлемдік өз еркімен мейірім көрсету күні.

Осыған орай елордада қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен қайырымдылық аукцион өтті. Шарада көптеген танымал суретшілердің еңбектері, көрнекті қаламгерлердің туындылары, түрлі әшекей бұйымдар қонақтарға ұсынылды. Азаматтар оны сатып алу арқылы 3-ші топтағы мүгедек Самал Каримова көмек көрсетті.

Айта-кетейік, Самал обыр аурумен күресіп жатыр. Өкінішке қарай, қазір  жертөледе тұрады. Ұйымдастырушылар аукционнан түскен қаражатты үш баланың анасына жеке меншік баспана әперіп, ем-домына қажет дәрі-дәрмекке жұмсамақ.

Айжан Мұқатаева, ұйымдастырушы:

- Былтыр да өткіздік. Өте жақсы өтті. 5 баланың анасы обыр ауруына шалдыққан бір адамға 1 комнаталы жатақханада бөлме сыйладық. Осы аукционның нәтижесінде. Биыл да сол үрдісті жалғастырып қайырымдылық аукционың өткізіп жатырмыз. Аукционға 10 лот бекітілген, лоттан бөлек біздің серіктестерімізбен ұсынған дизайнерлік бұйымдар, сертификаттар әртүрлі қызмет көрсетулер бойынша жесе столда ұсынылған.