Астанада Тәрбия Айдымбаеваның жаңа топтамасы ұсынылды

«Ұлттық киім тек мерекеде емес, ұдайы киілуі керек».

Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мәдениетімізді дамытуға ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Бүгін Астана төрінде белгілі дизайнер Тәрбия Айдымбаева замануи үлгілегі қазақ киімдерінің жаңа топтамасын ұсынды. Ол бұл кәсіппен 30 жылдан бері айналысып келеді. Көздің жауын алатын шапан, қамзол, кеудешелерге ел арасында сұраныс жоғары. Тәрбия - қолөнер саласында өзіндік стилі мен қолтаңбасы бар ісмер. Оның қолынан шыққан көркем дүниелерге шетелдіктер де айрықша қызығушылық танытады. 

Абзал Сапарбекұлы, «Отандастар» қорының президенті:

- Ұлты қазақ болмаса да, қазақты жақсы көретін отандастарымыз тарапынан танымал бренд. Өткен жылы Тәрбия брендпен Еуропа қазақтарының құрылытайында бірге ұлттық өнерімізді көрсеткен болатынбыз. Шетелде 7 млн жуық қазақ тұрып жатыр.Ол жерлерде ұлттық нақыштағы киімдерге сұраныс өте жоғары.

Тәрбия Айдымбаева, дизайнер:

- Біз өзіміздің дизайнымыздағы киімдерімізді әлемге дәлелдей алдық. Өткен жылы біз 10 мемлекетте ұлттық киім күнін өткіздік. Бүкіл әлемдегі елшіліктер бізді шақырып жатыр. Оның ішінде Италия,  Франция,  біз ұлттық киімдеріміздің әлемдік деңгейде өзінің орны бар екенін дәлелдік деген ойдамын.

Бірақ бұл идеяның қалай жүзеге асатыны белгісіз. Ұлыбританиядан бөлінгісі келетін Шотландия ұлттық партиясы «Шинн Фейнге» үлгі бола алмайды. Біріншіден, Шотландия ұлттық партиясы билікте бұрыннан бері отыр. Ал «Шинн Фейн» жақында ғана келді. Екіншіден, 1998 жылы Солтүстік Ирландиядағы қарулы қақтығыстарға нүкте қойған Келісім бар. Тәуелсіздік туралы референдумды өткізбес бұрын ол Келісімді жаңалап алу керек. Ал оған біраз уақыт кетеді.