Ақтөбеде Қытай азаматы сотталды

Ақтөбеде "Азия Бақанас" ЖШС басшысы сотталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қытай азаматы алдын ала келісе отырып, кәсіпорынды Ақыш Мұратқа қайта тіркеген.

Кейін сенімсіз жеткізушілермен жалған мәмілелер жасау арқылы салық төлеуден жалтарған. Оның көлемі 1,4 миллиард теңгеге жуықтайды. Сот үкіміне сәйкес Ақыш Мұрат 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

- Тергеу барысында анықталғандай, ұйымдастырушы Чен Гоцин алдын ала келісе отырып, «Азия Бақанас» ЖШС-ін 2014-2020 жылдар аралығында Ақыш Мұратқа қайта тіркеп, сенімсіз жеткізушілермен жалған мәмілелер жасау арқылы салық төлеуден жалтарған. Сот үкіміне сәйкес Чен Гоцын 3 жылға, Ақыш Мұрат 4 жылға бас бостандығынан айырылып, алынбаған салық сомасын бірлесе өтейтін болады.