Түркістан облысында 80 баланың құқығы бұзылған

Түркістан облысында 80 баланың құқығы бұзылған

Түркістан облысында ерекше жандарға арналған колледж басшылығы 80 студентке мерзімі өткен азық-түлік пен медициналық препараттарды беріп келген.

Сондай-ақ оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сай келмейтіндігі, санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталмағаны да белгілі болды. Ал жергілікті жұмыспен қамтуды үйлестіру  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығы аталған жайттарды біле тұра көз жұмып қараған.  Оның үстіне бұл оқу орны еліміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалтуға арналған жалғыз мамандандырылған мекеме. Қазір прокуратура аталған заң бұзушылықтарды тіркеп, облыс әкімдігіне жолдады.