ТМД-дағы балалар құқығын қорғау жөнінен халықаралық конференция өтті

Қазақстанда балалар құқығы Ата заң мен ұлттық заңнама шеңберінде қорғалады.

Бұл туралы ТМД-дағы балалар құқығын қорғау бойынша Халықаралық конференция аясында омбудсмен Динара Зәкиева айтты. Онлайн шараға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Арменя және Беларусь өкілдері қатысты. Жиын барысында Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл әріптестеріне елімізде бала туу көрсеткіші артып келе жатқандығын айтты. Бұл өскелең ұрпақты қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың жемісі. Президент пәрменімен ауқымды реформалар да қолға алынған. Былтыр елімізде жаңа әлеуметтік Кодекс қабылданды. Оның аясында бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті, деді омбудсмен.

Динара Зәкиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі:

- Мен еліміздің президенті жүргізіп жатқан реформалар туралы атап өттім. Мысалы, “Қазақстан халқына” қорының жобалары туралы және “Ұлттық қор балаларға” бойынша ақпаратпен бөлістім. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігіне қатысты және әйелдердің құқын қорғауға қатысты заң жобасы туралы айттым.