Әскери қара шаңырақтың құрылғанына 100 жыл. LIVE

Бүгін Зайсан шекара жасағынының құрылғанына 100 жыл.

Елімізде алғаш құрылған шекаралық басқарма ел шығысындағы Қазақ-Қытай шекарасын көздің қарашығындай күзетіп келеді.

Мекеме талай генералды тәрбиелеп шығарған «әскери қарашаңырақ» деуге болады. Ғасырлық мерейтойға тілшіміз Эльмира Ахметова да куә болды.

Зайсан Шекара жасағы елімізде ең алғаш құрылған шекаралық басқарма. Іргетасы сонау 1924 жылы қаланған, тарихы терең тағылымы мол әскери мекеме. Нағыз патриоттық тәрбие мен қатаң тәртіптің үлгісі осы жерде

Шекара жасағының жүз жылдығын тойлау мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Бұл осы Қазақ-Қытай шекарасында қызмет ете жүре жәнтәсілім еткен шекарашылар рухына деген тағзым. Соңынан театрландырылған көрініс ұсынылды. Оған әскерилер мен әртістер бар, балалар театры бар, 70-80 адам қатысты.

Мұнда қазақ хандығы тұсында, ел шебін сақтаудағы батыр бабалар жанкештілігін сипаттауға мән беріліпті.

Жалпы жанкештілік демекші, Зайсан шекарашылары көрші елмен арадағы 400 шақырымды қысы-жазы, күні-түні қадағалайлы. Таулы-қыратты аймақтағы қыбыр еткенді бақылайды.Қазір мың адам қызмет етіп жатыр.

Оның 70-і нәзік жандылар. Жасақ, тек өткен жылы шекара тәртібін бұзған 70 адамды ұстапты. Арасында заңсыз зат тасымалдағандар, сирек кездесетін өсімдікті ары бері өткізбек болғандар да бар.

Көне шекара жасағының көзсіз ерлігі, ерен еңбегі бүгін міне осы мұражайға қойылды. Алғаш рет мың шаршы метрлік музей ашылды. Бірінші басшылар өмірбаяны, марапаттар, медальдер шекарадан табылған кейбір заттар осында жинақталған. Жалпы 400 ден аса дүние бар екен. Бүгін мерейтоға жан-жақтан келген ардагерлер үшін бұл керемет еске алу орнына айналды.

Зайсан шекара басқармасынан шыққан генерал-майор Тұрсын Уажановты әңгімеге тарттық

- Қандай көңіл күйдесіз? Бұл сіздің әскери қызметіңіздің алғашқы баспалдағы ғой? Не өзгеріпті?

Тұрсын Уажанов, генерал-майор, ардагер шекарашы:

- Рахмет. Мерейтой құтты болсын!

Кешелі бері Зайсанға әр жақтан келген қонақ көп. Әуежай адамға толды. Жалпы 350 адам келді. Арасында, Белорусиядан, Мәскеуден келген экс-шекарашылар бар. Бұл шекара басқармасының беделінен хабар берері анық. Мәселен Роскосмос ғарышкерлері де әйгілі әскери мекемені орбитадан құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.