Қарағандыдағы мектепте жарамсыз дәрі-дәрмек сақталған

Қарағанды мектептеріндегі медициналық кабинеттерде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер сақталған, деп хабарлайды 24KZ.

Тіпті облыстағы оқу ошақтарының бірінде 7 жыл бұрын қолданыстан шығарылып, жойылуы тиіс препараттар сөреден табылды. Бұны прокуратура қызметкерлері тексеріс барысында анықтады.

2022 жылдан бері өңір мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмегені де белгілі болды. Қазір жарамсыз дәрі-дәрмектер жойылып, кінәлілер жауапқа тартылды. Жалпы 7 мың баланың құқығы қорғалды, делінген облыстық прокуратура таратқан мәліметте.