Көктөбе ауылының халқы суды тасып ішуге мәжбүр

Жамбыл облысының Көктөбе ауылында бұдан 3 жыл бұрын басталған ауызсу құбырын тарту жұмыстары әлі аяқталар емес, деп хабарлайды 24KZ.

3 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекен таза сумен былтыр қамтылуы тиіс еді. Бірақ мердігер мекеме тіршілік нәрін ауылдағы 5-6 аулаға ғана қосқан. Ал қалған тұрғындар суды сол үйлерден кезекпен тасып ішуге мәжбүр. Ауладағы құдық суы ішуге жарамсыз. Жергілікті билік бар кінәні өздері қабылдаған жобаға жауып отыр. Су мұнарасының қуаты ауылды толық қамтуға жетпейді. Сондықтан сметалық құжаттамаға өзгеріс енгізіп, екінші су мұнарасын орнатуға кірісіпті.

Көктөбе ауылына су желісін жүргізу үшін қазынадан 760 млн теңге бөлінген. Жергілікті билік құрылыс жұмыстарын көктемде аяқтаймыз деп сендіреді. Шу ауданындағы Сауытбек ауылында да дәл осындай мәселе туындап отыр.

Сапарбек Саңырақбаев, Көктөбе ауылының тұрғыны:

- Әр 3 күнде, міне, 40-50 литр су әкелеміз де, сол тек қана шай ішіп, тамақ ішу үшін. Қазір мынау біздің су тамақ ішкенге жарамайды, ащы су. Балаларға обал, бүйректерінің бәрі болған шығар ендігі. Енді мынау тұзды су бүйрекке түседі ғой.

Серік Сәрсенбеков, Шу ауданы әкімінің орынбасары:

- Шу ауданы бойынша 76%-тік сумен қамтылу жағдайымыз бар. Алла қаласа, биыл 9 ауыл. 4 ауылымыз өтпелі болып биыл бітіреді. Қалған 4 ауылда конкурспен биылғы жылы құрылысы басталады. Сонда біз 2025 жылға толықтай, 100%-ке сумен қамтимыз деп отырмыз.

Сондай-ақ...