Елде 41 қаржы пирамидасы жойылды

Елде 41 қаржы пирамидасы жойылып, зардап шеккендерге 4,6 млрд теңге қайтарылды.

Бұл жөнінде Президент қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр криптовалюта айырбастайтын 1 жарым мыңнан аса онлайн-сервис бұғатталған. 49 заңсыз майнер әшкереленді. Террористік және экстремистік ұйымдардың шотына қаржы аударуға қатысты 1200  әрекеттің жолы кесілді. Сондай-ақ капиталды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл саласында жалпы сомасы 276 миллиард теңгенің активтерң қайтарылған. Кездесуде соңында Қасым-Жомарт Тоқаев адал бизнесті қорғау шараларын күшейту қажет екенін ерекше атап өтіп, Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.