Шымкентте лауазымды тұлғалар мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзған

Шымкентте бірқатар лауазымды тұлға мемлекеттік сатып алу туралы заңын бұзған.

Өз міндетіне салғырт қарап, нысандарды белгіленген мерзімде тапсырмаған компанияларға қатысты мемлекеттік мекемелер шара қолданбай келген. Осындай деректі прокурорлар анықтады. Сотқа да ешқандай арыз жолданбаған. Дер кезінде жазалау шараларын қабылдамаған 7 лауазымды тұлға айыппұл арқалады. Олардың арасында Еңбекші ауданының әкімі, жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы, құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы бар. Сонымен қатар 30 компания «қара тізімге» алынып, енді мемлекеттік сатып алу процесіне қатыса алмайды.

Жанерке Атықаева, қалалық прокуратураның басқарма прокуроры:

- Нысандар уақытылы тапсырылмаған. Жарты жыл, бір жылға дейін созылған. Осы дерек бойынша мемлекеттік органдар тиісті шаралар қолдану керек еді. Бірақ ешқандай жұмыс атқарылмаған. Айыппұлдар 7 күн ішінде ерікті түрде төленді.