«Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

«Қиын-қыстау жылдардың өзінде халқымыз бірлік пен берекені ту етіп, қайырымдылық пен қамқорлықтың озық үлгісін көрсете білді».

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоғын қою рәсімінде бүгін осылай деді. Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған шарада мерекенің дәстүр мен тарихқа көрсетілген құрмет екендігі, достық, адамгершілік, өзара көмек сияқты құндылықтарды дәріптейтіні де айтылды. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері де монументке гүл шоқтарын қойып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.