Алғыс жауған күн

Жетісу облысына өткен ғасырдың 30-40 жылдары Қиыр шығыс пен Кавказ және Еділ жағалауынан жүз мыңдаған адам жер аударылған.

Олардың қазіргі ұрпақтары ортақ отаны – Қазақстанның гүлденуі үшін әр салада еңбек етіп жүр. Дархан мінезді халқымыздан пана тапқан түрлі этнос өкілдері бүгінгі мерекенің маңызы өте зор деген пікірде.

Гечумат Алмамедовдің күнделікті тірлігі осы. Туған жерді сүйіп, тынымсыз еңбек ету бала күнінен бойына сіңген қасиет. Ал ата-анасы қазақ даласына 1937 жылғы қиын кезеңде Нахичеван автономиялық республикасынан жеткен. «Жер аударылған шақта барымен бөліскен қазақ халқына алғысымыз шексіз»,- дейдң ол ағынан жарылып.

Гечумат Алмамедов, Көксу ауданының тұрғыны:

- Біздің әкемізді 1937 жылы осы жерге жіберген политический репрессия жасап. Ал шешемізді олардың әке-шешелерін 44 жылы. Содан әкеміздің шешеміздің 9 баласы болған. қазақтың жеріне, еліне енді рахмет айтуға болады. Көп көмек берген.

Көңілі дархан даласындай кең қазақ халқы Алмамедовтер отбасына жат болмады. Тұрғылықты ұлтпен сіңісіп, еңбек етті, ұрпақ өрбітті. Ал өзі қиналса да шынайы ілтипатымен өзгені бауырына тартқан халқымызға алғысын абыройлы қызметімен жеткізді. Қарапайым ауыл тұрғыны болған Гечуматтың әкесі Мұзафар еңбек ері атанып, өнегелі істерімен көпке үлгі болған. Қазір өзі де әкесінің есімімен аталатын көшенің тұрғыны.   

Төлеген Қожабеков, Балпық би ауылдық округінің әкімі:

- Бізде Теректі ауылында Алмамедов көшесі атындағы берілген. Ол осы ауылға белсенді болып, жаңадан именно осы 30-жылы Теректі ауылын көтеруге ықпал еткен. Осы жұмысты жұмысшы ретінде бастаған.

Гечумат Алмамедов ұзақ жыл ветеринария саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан. Жұбайы Гүлшанмен бірге 5 бала тәрбиелеп өсірді. Қазір немере сүйген бақытты ата-әже. Отбасы мүшелерінің қазақ тіліне деген құрметі де зор.

Гечумат Алмамедов, Көксу ауданының тұрғыны:

- 8-ші кластан бастап, бізде қазақ тілін беретін. Институтта 5 жыл оқығанда қазақ жігіттерімен общижетиеде тұрдық. Сол жерде үйрендік.  Конституция бойынша қазақ тілі - государственный тіл ғой. Менің балаларым да, қыздарым да сөйлейді.

Бүгін бұл отбасында айтулы күнге орай дастархан жайылып, көрші көлем қонаққа келді. Татьяна Шлейдің де ата-анасы бұл өңірге өткен ғасырдың 40-шы жылдары Еділ өзенінің жағасы мен Белоруссиядан жетіпті.

Татьяна Шлей, Көксу ауданының тұрғыны:

- Біз мұнда өте жақсы, тату-тәтті тұрып жатырмыз. Көршілерімізбен туысқандай болып кеттік. Туған күндерімізді атап өтуді де әдетке айналдырдық.

Қиын-қыстау заманда Жетісу жеріне тек Әзірбайжан елінен 400 отбасы мәжбүрлі түрде жер аударылған. Бұдан бөлек, немістар, поляктар, шешендер, корейлер де жетіпті. Бүгінде барлығы ортақ отаны Қазақстанның дамуы жолында еңбек етіп жатыр және болашағын да осы қасиетті жермен байланыстырады.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Гульнар Жантасова, Қуаныш Түргенбаев