Жетісу облысында шаруаларға 39 гектар жер берілді

Жетісу облысындағы инвесторлар 3 жылдан астам күткен жерін алды, деп хабарлайды 24KZ.

Екі шаруа қожалығы бордақылау алаңын салып, асыл тұқымды мал өсіру үшін қажет учаскелерді ұзақ уақыт бойы ала алмаған. Тексеріс нәтижесінде жергілікті атқарушы орган жер беруден негізсіз бас тартқаны анықталды. Прокурорлық қадағалаудан кейін инвесторларға 39 гектар жер беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Аталмыш мәселе бойынша өңірде фронт-офис жұмыс істейтінін еске саламыз.