Алматыда қабылдау пункттеріне 1329 адам жүгінді

Алматыда халықты қабылдау пункттеріне 1329 адам жүгінді, деп хабарлайды 24KZ.

Оларға мамандар көмек пен кеңес беріп жатыр. Айта кетейік, қалада 384 пункт жұмыс істеп тұр. Оның көбі – мектеп пен балабақша. Қалғаны – жоғары және арнаулы оқу орындары, сондай-ақ стадиондар. Ал жедел желіге ақпараттық сипаттағы 128 қоңырау келіп түскен. Қаладағы білім беру мекемелерінде сабақ тоқтатылды.

Қабылдау пункттері:

229 мектеп;

115 балабақша;

15 ЖОО;

20 колледж;

5 стадион.