Елде киберқылмыс көбейді

Еуропа елдерінің арасында киберқылмыспен күресу үшін халықаралық келісім жасалады.

Енді 69 мемлекет оңай олжаға ауызданған виртуалды қылмыскерлерді құрықтау мақсатында күш біріктіреді. Қазір Қазақстан да конвенция әзірлеу ісіне қарқынды қатысуда. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ мәлімдеді. Айтуынша елде киберқылмыс көбейген. Тіпті көршілес мемлекеттердің хакерлері де қазақстандықтардың қалтасына ұрлыққа түсетін көрінеді. Мәселен, былтыр елде 21 мың кибер қылмыс тіркелген. Нәтижесінде қазақстандықтардың  21 млрд теңге қаржысы ұрланған.

Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Барлық мемлекеттер бұл мәселемен күресіп отыр. Сондықтан қазір бізде үлкен халықаралық конвенция жасау туралы туындап жатыр кейбір қылмыспен күресу барысында. Біздің мемлекет оған өте белсенді қатысып жатыр. Енді бұл мәселе екінші үлкен кезеңін жүргізеді. Қазір конвенция құру бойынша әлемдік мемлекеттер екіге бөлініп отыр. Бірінші Еуропа мемлекеттері 69 мемлекет, біздің Қазақстан осы Еуропа мемлекеттерінің құрамында бар.