Жер асты дүмпулерін зерттеу жұмыстары жалғасуда

Алдағы күндері Алматы аумағында қатты жер сілкінісі күтілмейді.

Алайда бұл болжамның ықтималдығы 70 процент. Бұл туралы брифингте Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының мамандары айтты. Қазір шаһарда жағдай тұрақты. Сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жұмыс істеуде. Жер асты  дүмпулерін зерттеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ,Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары әлеуметтік желіде тараған жалған қауесеттерге сенбей, тек ресми мәліметтерге сенуге шақырды.

Нұрсәрсен Өзбеков, Сейсмикалық бақылау мен зерттеу ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары:

- Алматы жұртшылығы біледі, біз сейсмикалық өте қауіпті аймақта тұрамыз. Сондықтан да сілкініс ошақтары не болмаса, кез келген жер сілкіністері ол кез келген басқа ошақтарда туындауы мүмкін. Ол үшін басқа да ошақтардағы сілкініс жағдайын, сілкініс ахуалық қадағалауымыз керек. Қазірше, біздің қолымыздағы бар деректер бойынша ондай алаңдайтын, абыржу туғызатындай деректі дәйектер жоқ.