Елорданы көркейткен арулар

Иә, шаһарды тазартып, гүлдендірген, көркейткен, арулар мен аналар қаншама.

Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Қаланың ажары оның тазалығына да байланысты. Елордамызды еңбекпен көркейткен «Астана Тазалық» ЖШС-нің қолмен жинау жөніндегі бригадирі Салтанат Наусарованы арнайы шақырттық.