Алматыда қолөнерден тегін шеберлік көрсетілді

Алматылық қолөнер шеберлері қала тұрғындарына тегін шеберлік сабақтарын өткізді.

Ісмерлер киіз басу, әртүрлі сувенирлік бұйымдар жасау, әшекей әрлеудің қыр-сырын паш етті. Мысалы жүнді бояу, түту сынды технологияларға қызығушылардың дені жастар. 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған жәрмеңкеде жиырмаға жуық шеберлік түрі көрсетілді. Одан бөлек тұрғындар арасында қызықтар викториналар ұйымдастырылып, дұрыс жауап бергендер бағалы сыйлықтарға ие болды. Мерекелік шара концертке ұласты.

Айдос Нұрлыбаев, Медеу ауданы әкімінің орынбасары:
- Бұл жерде бізде екі сағатқа жуық концерттік бағдарлама бар. Одан бөлек жиырмаға жуық, өздеріңіз көріп отырсыздар, әртүрлі заттардан жәрмеңке ұйымдастырып отырмыз. Соны біздің ауданның тұрғындарына, қаланың тұрғындарына осы мерекеде осындай іс-шара ұйымдастырып, сыйға тартқымыз келіп отыр.