Жетісу облысында биыл тоғыз спорт кешені пайдалануға беріледі

Соның біреуі Текелі қаласында салынып жатыр.

Аталған нысанда екі жүзге жуық жасөспірім бокс, күрес және командалық спорт түрлерімен шұғылданатын болады.

Текелілік жасөспірімдер маусым айынан бастап жаңа спорт кешенінде жаттығады. Екі жыл бұрын басталған құрылыс аяқталуға жақын. Мердігер мекеме өкілі күн жылынғанда жұмыс қарқынын арттырамыз деп отыр.

Сәкен Сәбитов, мердігер мекеме өкілі:

- Қазір бізде 24 адам жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде электрик, сантехник, гипсокортоншиктер, левкасшиктер бар. Витраж салынбай отопление берілмеген кезде кішкене адамдарды кіргізбей жатырмыз. Витраж салынып отопление берген кезде елу, алпыс адамдай істейді бізде. 

Дене шынықтыру орталығымен қатар қалада биатлон кешені салынады. Ол үшін Жетісу Алатауының етегінен 9 гектар жер бөлінген. Бұдан бөлек арнайы мектеп ашу жоспарланып отыр. Онда қысқы спорт түрлеріне басымдық беріледі. Кенже қалған саланы дамыту облыс орталығында да қолға алынды.  

Саят Сарқытов, облыстық спорт басқармасының бөлім басшысы:

- Мұз айдыны ашылды. Керлинг, шорт трек, хоккей на шайбе түрінен бөлімше аштық. Сәуір айынан бастап мәнерлеп сырғанау ашу жоспарлануда. Қысқы спорт түрлерін қалада да дамытып жатырмыз. Алдағы уақытта скл шаңғы биатлон кешені ашылса ол жерде шаңғы болады, сноуборд болады. Шама келгенше қысқы спорт түрін дамытамыз.

Жетісу облысында 23 мыңнан аса жасөспірім олимпиадалық спорт түрлерімен шұғылданады. Олардың санын артыру үшін өңірде биыл тоғыз спорт кешені салынып, ел игілігіне беріледі.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев