Атырау облысындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Атырау облысы Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан орман шаруашылығы аумағында Каспий теңізінің жағалауында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

148 гектар аумақта қамыс күйіп жатыр. Батқпақты жер жалынды толық сөндіруге қиындық келтіріп тұр. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге 56 қызметкер, 9 мотопомпа, 11 моторлы қайық жұмылдырылды.