Ұлытауда 25 елді мекенді су басу қаупі бар

Ұлытау облысында 25 елді мекенді су басу қаупі бар.

Көбі Жаңаарқа ауданының ауылдары. Күн күрт жылынса елді мекендер су астында қалуы мүмкін. Биыл өңірде қар қалың түсті. Облыстың солтүстік бөлігінде тоңның қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Қазір өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, арық-атыздарды тазалап, қажетті инертті материалдар мен техникалық құралдардың қорын жасақтап жатыр

Әлібек Әбілов, Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы:

- Бүгінгі таңда 270 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстар әлі жалғасуда. Сонымен қатар жол ұйымдарының қызметкерлерімен 600-ге жуық су өткізу құбырлары және көпірлер тазаланды. Негізгі қауіп 15-наурыздан бастап күндіз де, түнде де ауа температурасының жылынуы күтілуде. Бізде қазір дайын штаб құрамы бар. Қажет болған  жағдайда, қауіп төнген жағдайда сол штаб құрылып, дереу іс-шаралар қабылданады.