Екі млн-ға жуық қазақстандықтың жеке мәліметі интернетке тарап кетті

Екі миллионға жуық қазақстандықтың жеке мәліметі интернетте заңсыз таралып кетті.

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. Таралған мәліметтер Zaimer.kz микроқаржы ұйымына жүгінген азаматтарға тиесілі болып шықты. Олардың құқығы бұзылғаны жайлы электрондық үкімет порталынан арнайы хабарлама жіберілген. Енді бұл азаматтар ақпараттық қауіпсіздік комитетіне өтінішпен жүгінуі қажет.