Еліміздің Қарулы Күштері жауынгерлік жаттығу өткізеді

Бүгіннен бастап 19 наурызға дейін еліміздің қарулы күштерінің жауынгерлік даярлық жаттығуы өтеді.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Командалық-штабтық оқу-жаттығу Қарағанды облысының аумағында өткізіледі. Ведомствоның хабарлауынша, жаттығу шаралары Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарының аумағын қамтиды. Шара жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында ұйымтастырылды. Бөлімшелер полигондарға теміржол, әуе және жеңіл көлікпен шерулер жасайды. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі аталған күндері, Қарағанды облысының жекелеген аудандарында шектеу шараларын енгізбек. Әрі азаматтардан шараға түсіністікпен қарауды және тыныштық сақтауды сұрайды.