Елордада 33 құрылыс нысаны жұмысын тоқтатты

Елордада рұқсат құжаты жоқ 33 құрылыс нысаны жұмысын тоқтатты.

Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Былтыр Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтатып, оны бұзуға қатысты 115 талап арыз тіркелген. Оның 86-сына қатысты заң тиісті шешім шығарды. Ал 77 іс Астана қалалық әділет департаментінде қаралып жатыр. Бұдан бөлек, шаһарда үлскерлерге қатысты талаптар да жиі орныдалмайды. Бұл орайда үлескер тартуға құқы жоқ компанаиялардың «қара тізімі» үнемі жарияланып отырады. Мамандар құрылысқа қатысты заң бұзушылық болса «Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына» шұғыл хабарласуға шақырады.