Павлодар облысында 65 ауылды су басу қаупі бар

Былтырмен салыстырғанда жауын-шашын 56 процентке көп түскен.

Наурыздың жиырмаларында қар тез ери бастайды деген болжам айтылды. Құтқарушылар қызу дайындалып жатыр. Облыста көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша бекітілген инженерлік жоспар бар. Оның шеңберінде Май ауданының Қаратарек ауылында Ертіс өзенінің жағасы нығайтылды. Ақтоғай ауданының  шекарасындағы Сілеті өзенінің арнасы тазартылып, түбі тереңдетілді. Егер, күн күрт жылынса барлық күш құтқару іс-шараларына  жұмылдырылады. Халықты эвакуациялайтын 43 арнайы пункт ашылады.

Жасұлан Жұмашев, облыстық ТЖД бастығы:

- 36 мың дана көлемінде қапшықтары бар 141 мың тонна инертті материал, 129 тонна жанар-жағармай көлемінде қор құрды. Тамақтануға 85, жарылыс жұмыстарына 7 ниет-шартын жасасты. Қыс мезгілінің басынан бастап облыстың елдімекендерінен 890 мың текше метрден астам қар шығарылды. Он бесінші наурызға дейін 1 мың 506 су өткізу құбырын ашу жоспарлануда.