Қарағандының Бұқар жырау мен Шет аудандарын су басу қаупі бар

Қарағанды облысындағы Бұқар жырау мен Шет аудандарын да қызыл су басу қаупі бар.

Бұл аймақта 60-тан астам ауыл гидротехникалық нысандарға жақын орналасқан. Жалпы өңірде 150-ге жуық ауыл мен жүзге жуық жол жіті бақылауға алынған. Мамандар қар көбесі наурыздың 20-нан кейін сөгіледі деп болжап отыр. Өзендерде су деңгейі жылдағыдан әлдеқайда төмен болғанымен, күн күрт жылыса қарғын судан қауіп көп. Қазір коммуналдық қызмет мамандары арықтарды аршып, көпір мен өткелдерді тазартып жүр. Топан су басу қаупі бар елді мекендер тасқынға қарсы қоршалып, Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысына бөгет жасалды.

Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысы:

- Жоғары қауіпті аудандарға Шет, Қарқаралы, Осакаров, Бұқар жырау, Нұра аудандары жатады. 150 елді мекенді қазір бақылауда ұстаудамыз. Ол елді мекендер қорғаныс бөгеттерімен қоршалған. Су құбырлары да істелген, жол бойындағы көпірлер, құбырлар тазартылған.