Түркістан облысында 9 ауланы су басты

Түркістан облысында қатты нөсерден кейін үйлердің ауласына су кірді.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Мақтаарал ауданында 4, Сайрам ауданында 3 аула, су астында қалды. Жетісай мен Сарыағаш аудандарында 3 көшені су басып, 2 аулаға жайылған. Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті полиция қызметкерлері шұғыл жұмылдырылып, нәтижесінде 2206 текше метр су сорылып, сыртқа шығарылды.

Талғат Досалиев, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- Барлығы департаменттен 35 жеке құрам, 9 техника, 12 мотопомпа жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы органдардан 6 адам, 2 техника және 1 мотопомпа көмектесті. Қазіргі таңда ауа райы ашық, жағдай тұрақты.