Алматыда Techno Women тренингі өтті

Алдағы жылдары елімізде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторындағы әйелдердің үлесі 45%-ке жетеді, деп хабарлайды 24KZ.

Қазіргі көрсеткіш – 30%. Сондықтан қыз-келіншектерді ақпараттық технология бағытына көбірек тарту керек. Бұл туралы Алматыда өткен тренингте айтылды. Шараны  коммерциялық емес ұйымдардың бірі ұйымдастырды. Басқосу барысында стартаптан бизнес бастау, цифрлық трансформациялау мен кәсіпкерлікті қазіргі өзгерістерге бейімдеу бағыттары талқыланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, былтыр IT-Aiel бағдарламасына 2500-ден астам жұмыссыз әйел тартылған. Олар ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарды меңгерген. Атап айтқанда, сайттар мен  мобильді қосымшалар жасауды үйреніп, өз қызметтерін фрилансерлік алаңдарда сатуға дағдыланған.

Балжан Балтабаева, Коммерциялық емес ұйымның атқарушы директоры:

- Осы жылдан бастап Technogirls деген клубымыз ашылды. Бұл клубта 16 жастан 23 жасқа дейінгі студент қыздар ақысыз оқу ала алады. No-code-low-code деген – оқудың аты. Ол сіз кодты жатық меңгермей-ақ, өзіңіздің сайтыңызды, қосымшаңызды жасай аласыз және де оны қалай сатуға болатынын үйрене аласыз. Бұны қыздар 1 наурыздан бастап ақысыз оқып жатыр.