Бөген су қоймасының беріктігін арттыру жобасы жасалды

Түркістан облысында Бөген су қоймасының беріктігін арттыру жобасы жасалды.

Құжат мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Қорытындысы шықса, бюджеттен қаржы бөлінуі тиіс. Стратегиялық маңызды нысан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының балансында. Мамандардың айтуынша, «жыл сайын 67 мың гектар егістік алқапты осы су қоймасынан суарады. Сыйымдылығы 370 млн текше метр суға арналған қойма қазір 88 проценке толды. 57 жыл бұрын салынған нысанды жаңғыртпаса, су сыймай қалу қаупі бар», - дейді нысан басшылары.

Бекжан Машрапов, Бөген су қоймасының учаске бастығы:

- Бөген су қоймасы соңғы рет 2022 жылы ағымдағы жөндеуден өтті. Қазір күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Бағымызға орай Қаражантақ бөгетіне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай тұрақты.