Емдеу мекемелері жанынан бақылау кеңесі құрылады

Емдеу орындарының жанынан бақылау кеңесі құрылады.

Ол жөнінде бүгін Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда айтылды. Еліміз бойынша шаруашылық есепте жұмыс істейтін ауруханалар мен емханаларда мемлекет қаражатын есепсіз жұмсау деректері көбейіп барады. Көп жағдайда бас дәрігерлер мен емхана меңгерушілерінің қаржылық сауатының кемшілігінен миллиондаған қаржы талан-таражға түседі. Осыған орай енді әрбір емдеу орындарының жанынан бақылау кеңесі құру жөнінде ұсыныс қабылданды.

Диляра Қайдарова, Ұлттық құрылтай мүшесі:

- Бақылау кеңесін жергілікті әкімдіктер құра алады. Оның құрамына жергілікті мәслихат депутаттары, волонтерлер, қоғам белсенділерін де тартуға болады. Бастысы, кеңес мүшесінің қаржылық сауаты болуы керек. Медициналық нысандардың кіріс-шығысы толық есептеледі. Бюджет ақшасы мақсатты жұмсалуы керек.