Ақ кимешекті әжелер жұртты сүйсіндірді

Ақтөбеде Наурыз қарсаңында ұлттық киімдердің түр-түрі паш етілді, деп хабарлайды 24KZ.

Әсіресе кимешек киіп, сәні мен салтанаты жарасқан әжелер көрген жұртты сүйсіндірді. Көненің көзіндей болған ақ жаулықты аналар тарихтан сыр шертіп, ұлттың ұлылығын, бас киімнің ерекшелігін атап өтті. Халқымызда кимешек кигізу рәсімінің болғанын және оны таққан әйелдің дәрежесі өскен сайын шылауыш байлап, жаулық орау секілді салт барын түсіндірді. Бұл шараға 100 шақты әже қатысты. Олардың арасында ұлттық мейрамдардың көркін ашуға үнемі үлес қосып жүретін ансамбль мүшелері де бар.

Гүлара Шалабаева, Қарғалы ауылының тұрғыны:

- Қысымыз кетіп, көктем келіп құлпырып, төрт түлік жайлауға толы ақ болсын. Ағымыз мол болсын! Мерекелі, берекелі жыл болсын! Тек амандық болсын, мейрамымыз құтты болсын!