Әуе рейстері уақытша тоқтатылды

Бүгін Алматыда қатты қар жауып, көктайғақ болды.

Ауа райының құбылуына байланысты әуе рейстері уақытша тоқтатылды. Қазір мегаполистегі коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша ертең таңғы 4-ке дейін қар аралас жаңбыр жауады. Қардың қалыңдығы шамамен 8-10 сантиметрге дейін жетеді деп болжанды. Осыған байланысты қалада көлік кептелісі артып, такси қызметі қымбаттаған.